22
Жұма,
Қараша

һижри

Мешіт қызметкері отбасылық байқаудан бірінші орын алды

Мешіт тынысы
Жарнама

19 қараша. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті «Астана – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі және Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы өткізген байқауда «Нұр Астана» мешіті қызметкерінің отбасы бірінші орын алды, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

«Парасатты  отбасы» деп аталатын бұл байқау Қазақстан Республикасының 2015 - 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын басшылыққа ала отырып парасатты отбасы құндылықтарын насихаттау, отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, заманауи жетістіктерге лайықты парасатты тұлғаны дамыту, озат-ойлы, парасатты, қайырымды оқушыны анықтау мақсатында

№71 мектеп-лицейінде өткізілген шараға Ибадулаевтар отбасының атынан әулеттің келіні, мешітіміздің қызметкері Айгүл Сауранқызы балалары – Ибадулла Нұрислам Даниярұлы, Ибадулла Меруерт Даниярқызы, Ибадулла Жанель Даниярқызы, Ибадулла Рауан Даниярұлымен бірге қатысты.

Өздерінің үлгілі, белсенді, жан-жақты жанұя, креативті ойларымен, атадан келе жатқан дәстүрлерін насихаттап, жеті атасының шежіресін таратып айтып беріп, таңдай қақтыратын өнер көрсетіп 1 дәрежелі «Өнерлі отбасы» Диплом иегері атанып, қалалық байқауға жолдама алды.

Мешіт қызметкерінің жанұясына шаттық, бақ-береке тілей отырып, алдағы байқаулардан да толағай табыспен оралуына тілектестік білдіреміз.

1

1

1

Бөлісу: