22
Жұма,
Қараша

һижри

«Мейірімділік мекенінде» қайырымдылық жалғасуда (ФОТО)

«Мейірімділік мекенінде» қайырымдылық жалғасуда (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

7 желтоқсан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – «Нұр Астана» мешітінің «Жібек» қыз-келіншектер клубы «Астана» медресе-колледжінің Қыздар бөліміне және мұқтаж отбасыларға қайырымдылық көмек көрсетті, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Ардақты Алла Елшісінің (с.ғ.с.) өмірге келген Мәуліт айының құрметіне орай, мешітіміздің Әйел-қыздар бөліміне қарасты «Жібек» қыз-келіншектер клубы бірқатар қайырымдылық шараларын өткізді.

«Нұр Астана» мешітінің ұстазы әрі клуб жетекшісі Қарлығаш Қажымәлікқызының ұйытқы болуымен мешіттің діни-сауат ашу курстарына қатысып жүрген әйел жамағаты «Мейірімділік мекені» атты жәрмеңкеге қолдан пісірілген тәтті-тағамдары мен басқа да бұйымдарын алып шықты. Сонан түскен қаражатпен және демеушілердің қолдауымен клуб мүшелері «Астана» медресе-колледжінің биыл ашылған қыздар бөліміне көмек көрсетті.

Сондай-ақ, 5 мұқтаж отбасының үйіне көлемді азық-түлік пен қаржылай жәрдем берді.

Айта кетейік, «Жібек» қыз-келіншектер клубы қыркүйек айынан бері 13 отбасын азық-түлікпен және көмір алуға қажетті қаражатпен қамтамасыз етті.

1

1

1

1

1

1

1

1

1

Бөлісу: