15
Сәрсенбі,
Шілде

һижри

«Нұр Астана» мешітінде қайырымдылық шарасы өтті

«Нұр Астана» мешітінде қайырымдылық шарасы өтті

Мешіт тынысы
Жарнама

25 маусым. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Бүгін «Нұр Астана» мешітінде «Қайырымды шаңырақ» акциясы өтті, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Әр ай сайын 30 отбасын қуанышқа бөлеп, көмек қолын созу мешіт ұжымы үшін қалыпты үрдіс. Бұл жолы қайырымдылық шараға «Сауап» еріктілер тобы өзіндік үлесін қосты. Шара барысында көпбалалы және әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға айлық азық-түлік қоры таратылды.

Мешіттің бас имамы Нұрлан Рамазанов белсенділік танытқан «Сауап» еріктілер тобының мүшелеріне алғысын білдіріп, кәсіптері мен мал-дүниесіне береке тіледі.

Алдағы уақытта өтетін қайырымдылық шараларына атсалысқысы келген азаматтар мына нөмірге хабарласуына болады:  +7 775 562 2044.

QaiyrymdySanyraq 2

QaiyrymdySanyraq 2

QaiyrymdySanyraq 2

QaiyrymdySanyraq 2

QaiyrymdySanyraq 2

QaiyrymdySanyraq 2

QaiyrymdySanyraq 2

Бөлісу: