20
Сенбі,
Сәуір

һижри

Ақмолалық ағайындарға көмек көрсетілді (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

Қасиетті айдағы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан атқарылар қайырымдылық шаралары республика көлемінде өткізіліп келеді.

ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Рамазан айында халыққа арнаған үндеуінде сауапты айда ізгілік істерін көптеп ұйымдастыруға, барша ел азаматтарын қайырымдылыққа атсалысуға шақырған еді. ҚМДБ тарапынан бастау алған іске Түркия Республикасының Қазақстандағы елшілігі де үн қосып, Ақмола іргесіндегі ауылдарды аралап, тұрмыстық қажеттіліктерін таратты.

Ораза айындағы оңды іске Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Жалпы және жастар ісі бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысхан мен ҚМДБ-ның Астанадағы өкілдігі «Нұр Астана» орталық мешіті Жастар ісі бөлімінің жетекшісі Марат Бектазинов қатысып, Түркия елшілігі өкілдерімен бірлесіп, игілікті істі еңсерді. Қадірлі айда қайырымдылық жасап, ауылдағы ағайынның жай-күйіне елеңдеген ел азаматтарына Ақмола халқының айтар алғысы мен ықыласы де ерекше болды.


ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: