19
Сейсенбі,
Наурыз

һижри

«Нұр Астана» мешіті жылды қайырымдылық шарамен тәмамдады

«Нұр Астана» мешіті жылды қайырымдылық шарамен тәмамдады

Мешіт тынысы
Жарнама

31 желтоқсан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Бүгін «Нұр Астана» мешітінде «Қайырымды шаңырақ» акциясы аясында 157 сертификат таратылды.

Бұған дейін «Қайырымды шаңырақ» акциясы аясында көмектессем деп ниет білдірген отбасынан мұқтаж отбасыға азық-түлік қоржынымен көмек көрсетілетін. Бұл жолы мешіт әкімшілігі шараны басқаша өткізді.

Мұқтаж жандарға және көпбалалы отбасыларға «Магнум» сауда желісіне қарасты маркеттерден сауда жасау үшін арнайы сертификаттар таратылды. Тізім бойынша шақырылған кісілерге сертификаттарды наиб имам Мамлюк Мусаев тапсырды.

«Отбасылар нақты керекті дүниелерін алып, қажеттіліктерін жабуға септессе деген ниетпен әдеттегідей азық-түлік емес, орнына сертификат тарту етуді ұйғардық», - деді «Нұр Астана» мешітінің бас имамы Нұрлан Рамазанов.

Сондай-ақ, мешіт әкімшілігі осы шараға қолдау көрсетіп, демеушілік жасаған баршаға алғысын білдіріп, кәсіптеріне табыс, отбасына зор денсаулық тіледі.

QaiyrymdylyqSertifikat 1

QaiyrymdylyqSertifikat 1

QaiyrymdylyqSertifikat 1

QaiyrymdylyqSertifikat 1

QaiyrymdylyqSertifikat 1

QaiyrymdylyqSertifikat 1

QaiyrymdylyqSertifikat 1

QaiyrymdylyqSertifikat 1

QaiyrymdylyqSertifikat 1

QaiyrymdylyqSertifikat 1

QaiyrymdylyqSertifikat 1

QaiyrymdylyqSertifikat 1

QaiyrymdylyqSertifikat 1

 

Бөлісу: