21
Бейсенбі,
Қараша

һижри

«Әс-Сәлам» мешіті қайырымдылық шарасын өткізуде

Мешіт тынысы
Жарнама

Рамазан рақымдылық пен сауаптардың еселеніп жазылатын айы болғандықтан бұл айда жасалған қайырымдылықтардың қайтарымы да қарымды.

Мүбәрак айда мұқтаж жандарға қол ұшын беріп, қайырымдылық жасауға шақырған бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы бндеуіне елорда мешіттері де мүмкіндігінше үн қосуда. Бұл ретте Астана іргесіндегі Теміржолшылар кентінде орналасқан «әс-Сәлам» мешітінде тұрмыс-ахуалы төмен, көпбалалы 30 отбасыға азық-түлік үлестірілді. Бас имам Нұрбол Әбсаттарұлы «Берекелі рамазан» қайырымдылық шарасы аясында атқарылар ізгі істердің әлі де жалғасын табатынын жеткізді. Бұған қоса, аймақ тұрғындарына арналған ауызашар дастархандары да берілуде.

«Нұр Астана» орталық 

мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: