25
Бейсенбі,
Сәуір

һижри

«Әс-Сәлам» мешіті мұқтаж жандарға демеу болуда (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

Қасиетті айдағы қайырымдылық істері Астана мешіттерінде жалғасын табуда. Елорда іргесіндегі «әс-Сәлам» мешітінің бас имамы Нұрбол Әбсаттарұлының бастамасымен Теміржолшылар кентіндегі тұрмыс-ахуалы төмен және көпбалалы отбасыларға азық-түлік таратылды.

Бас имамы Нұрбол Әбсаттарұлы Рамазан айында әдеттегі уақыттан көбірек қайырымдылық шараларын өткізуге күш салатындықтарын жеткізді. «Жалпы, халқымыз қай заманда да көршісі аш отырып, өзі түтін түтетіп, қазан көтермеген ел ғой. Әрі мұсылмандығымыз болса, әрі қазақы қалып-қасиетіміз де осында. Мешітіміздің атынан қал-қадарымыздың жеткенінше мұқтаж жандардың жанына демеу бола білсек деген ой ғана» дейді бас имам.

Айта кетейік, Рамазан айындағы ізгі істер қатары «Әс-Сәлам» мешітінде жамағатқа арнап ауызашар жасаумен де жалғасып келеді.


 

«Нұр Астана» орталық 

мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: