21
Бейсенбі,
Қараша

һижри

Балаларға ауызашар берілді(ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жыл сайын қасиетті Рамазан айы қарсаңында қайырымдылық пен ізгілік істерін жиірек өткізу туралы бастама көтеріп, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы барша ел азаматтарын жақсылыққа жұмыла атсалысуға шақырып келеді. Осы орайда биылғы оразаның отыз күнінде республика көлемінде жер-жерде, ауыл-аймақта әртүрлі мекемелерде мешіттердің ұйымдастыруымен ауызашар кештері, қайырымдылық шаралары өткізіліп отыр.

Елорда іргесіндегі «Әс-Сәлам» мешіті де Рамазан айында қайырымдылық істерін атқарып, мешіттен жанына жылу, көңіліне демеу іздеп келген отандастарымызға қол созып, игі шараларды іске асыруда.

Оразаның кезекті ауызашар дастарханын «Әс-Сәлам» мешіті Астана қаласы Балалар үйі тәрбиеленушілеріне жайып, онда мешіттің наиб имамы Жүніс Төрежан оразаның мән-маңызын баяндады. Сондай-ақ ізгі айда сауапты амалдардың, садақа мен зекеттің шариғаттағы, адам өміріндегі орны мен мәні туралы айтып берді. 

Ауызашар кешінде Балалар үйінің тәрбиеленушілеріне «Әс-Сәлам» мешітінің бас имамы Нұрбол Әбсаттарұлының ұйымдастыруымен сыйлықтар таратылды. Бұл кеште «Зекет» қорының өкілі балаларға базарлық ретінде киім-кешектер сыйға тартты.


Бөлісу: