26
Жұма,
Сәуір

һижри

Мерекелік шаралар бұқараның басын қосты (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

Қасиетті Рамазан айымен қимай қоштасқан астаналықтар мешітке келіп айт намазын өткеннен соң, «Нұр Астана» орталық мешітінің арнайы ұйымдастырылған мерекелік дастарханынан дәм татты. Ұлық мерекеге орай дәстүрлі жәрмеңке өткізіліп, таң сәріден мешітке аяқ басқан халық емен-жарқын әңгімелесіп, дастархан басында бас қосты.

Ал мешіттің кішкентай қонақтары – бүлдіршіндерге дін қызметкерлері тәттілер ұсынды. Айт мерекесіндегі сый-сияпатқа балғындар риясыз қуанып, шат-шадыман болды. Ересектер жағы мешіт алдында тігілген қазақы үйлерде айттық дастарханынан мерекелік дәмнен ауыз тиіп, дидарласты. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жариялаған «Дін мен дәстүр» жылының жалғасты көрінісі осындай Ораза айт мейрамымен сабақтасуда.


«Нұр Астана» орталық 

мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: