27
Сенбі,
Сәуір

һижри

«Нұр Астана»: Қазыналы қарттарға азық-түлік табыс етілді

«Нұр Астана»: Қазыналы қарттарға азық-түлік табыс етілді

Мешіт тынысы
Жарнама

Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Жастарға ізет, үлкендерге құрмет көрсетпеген бізден емес»,-деген болатын. Осы өсиетті негізге алған «Нұр Астана» мешітінің ұжымы мен мешіттің бас имамы Нұрлан Рамазанов бүгін қарттарымызға құрмет көрсетіп, алғысын алды.

Жыл сайын дәстүрлі үрдіс бойынша халықаралық қарттар күнін назардан тыс қалдырмайтын мешіт ұжымы биыл да қазыналы қарты бар 20 отбасына азық-түлік себеттерін үлестірді. 

Сауапты шараға «Сауап» белсенділер тобы демеу көрсетті. Айта кетейік, «Сауап» белсенділер тобы бұған дейін де мешіт қабырғасында ұйымдастырылып жүрген түрлі қайырымдылық шараның ұйытқысы болып, қолдау білдіріп келеді.

Әрдайым үлкенін ізеттейтін, кішісін құрметтейтін мешіт ұжымына келген отбасылар алғыстарын жаудырып, разылықтарын білдірді.

Qaiyrymdylyq 2

Qaiyrymdylyq 3

Qaiyrymdylyq 4

Qaiyrymdylyq 5

Qaiyrymdylyq 6

Qaiyrymdylyq 7

Qaiyrymdylyq 8

Qaiyrymdylyq 9

Qaiyrymdylyq 10

ummet.kz

Бөлісу: