29
Дүйсенбі,
Сәуір

һижри

«Нұр Астана» мешіті Мәуліт мерекесін атап өтті (фото)

«Нұр Астана» мешіті Мәуліт мерекесін атап өтті (фото)

Мешіт тынысы
Жарнама

Мәуліт – күллі мұсылман халқы үшін қадірлі мереке. Өйткені осы күні ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дүниеге келген.

Мүбәрак мейрамды атап өтуді жыл сайын назардан тыс қалдырмайтын «Нұр Астана» мешіті бүгін Мәуліт кешін ұйымдастырды. Мешіттің бас имамы Нұрлан Рамазановтың игі бастамасымен өткен шараға зиялы қауым өкілдері, абыз, ақсақалдар мен ақ жаулықты әжелер және жастардан құралған мешіт жамағаты қатысты.

Сауапқа толы ізгі шарада Мұхаммед пайғамбардың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сирасынан (өмірбаяны) сыр шерткен Мәуліт жыры оқылып, жиылған жамағат Алла Елшісіне (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) салауат, сәлем жолдады. 
Адамзаттың ардақтысы Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дүниеге келген күнінің құрметіне өткен рухани кеште жамағат арнайы жайылған ақ дастарханнан дәм татты. Рухани кештің өтуіне атсалысқан «Сауап» белсенділер тобы да әдеттегідей жомарттық танытып, сауапты шарада бой көрсетті. Алла елшісіне (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) салауат жолдап, қарияларға құрмет көрсетіп батасын алған мешіт ұжымына келген қонақтар дән ризашылықтарын білдірді.

Maulit2021 1

Maulit2021 2

Maulit2021 4

Maulit2021 5

Maulit2021 6

Maulit2021 7

Maulit2021 8

Maulit2021 9

Maulit2021 10

Maulit2021 11

Maulit2021 13

Maulit2021 14

Maulit2021 15

Maulit2021 16

Maulit2021 17

Maulit2021 19

Maulit2021 20

Maulit2021 21

Maulit2021 22

Maulit2021 23

Maulit2021 24

Maulit2021 25

Maulit2021 26

ummet.kz

Бөлісу: