27
Сенбі,
Сәуір

һижри

«Нұр Астана»: «Өмірге үміт сыйла!» донорлық акциясы өтті (фото)

«Нұр Астана»: «Өмірге үміт сыйла!» донорлық акциясы өтті (фото)

Мешіт тынысы
Жарнама

Бүгін қасиетті жұма күні «Нұр Астана» мешітінде жыл сайын өтетін дәстүрлі «Өмірге үміт сыйла!» донорлық акция болып өтті.

Республикалық Қан орталығымен бірлесіп ұйымдастырылған игі шараға мешіт қызметкерлері мен мұқтаж жанның қайғы-мұңына бей-жай қарамайтын мұсылман жамағаты белсене атсалысып, орталықтың арнайы автобусының алдында кезекке тұрды.

Ислам ғалымдары «донор болып, адам баласының өмірін аман алып қалу асыл дініміздегі игі амалдардан» деп бірауыздан құптайды. Егер бір адам өз еркімен келесі бір адамға қан беріп донор боламын десе, бұл тұрғыдан еш тиым болмайды. Құранда біздің бір-бірімізге мейрімді болып, мұқтаждарға көмек қолын созу керетігі жайлы айтылған аяттар көптеп кездеседі. Қасиетті Құран Кәрімде «Мәида» сүресінің 32-ші аятында Алла Тағала: «... Ал кімде-кім, бір адамның өмірін сақтап қалса, сол бүкіл адамзатты сақтап қалғанмен тең болады...» – деп, адамзатқа өмір сыйлаудың сауабының көп екендігін ескерткен.

Жақсылыққа жол салған шара нәтижесінде ізгілікке үн қосушылардың атсалысуымен жиналған қан мұқтаж жандардың емі үшін республикалық Қан орталығының қорына өткізілді.

OmirgeUmitSyila 2

OmirgeUmitSyila 3

OmirgeUmitSyila 4

OmirgeUmitSyila 5

OmirgeUmitSyila 6

OmirgeUmitSyila 7

OmirgeUmitSyila 8

OmirgeUmitSyila 9

OmirgeUmitSyila 10

OmirgeUmitSyila 11

OmirgeUmitSyila 12

ummet.kz

Бөлісу: