29
Жұма,
Наурыз

һижри

Наиб мүфти «Нұр Астана» мешітінде жұма уағызын жүргізді (фото)

Наиб мүфти «Нұр Астана» мешітінде жұма уағызын жүргізді (фото)

Мешіт тынысы
Жарнама

Әділдік – әр нәрсені теңдестіріп ұстау, хаққысын беру, бір істі орын-орнымен орындау, ақиқат жолынды нық тұру дегенді білдіретін адам бойындағы көркем мінез. Қатыгездік, опасыздық және жамандық деген сөздердің антонимі болып табылады.

«Әділ істің арты игі, Әділ сөздің арты игі» деген керемет халық даналығы бар. Бүгінгі «Нұр Астана» мешітінде өткен жұма уағызының тақырыбы да әділдік турасында болды. Жұмаға жиналған жамағатқа «Әділ істің арты игі» тақырыбы бойынша жұма уағызын ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти, исламтанушы-теолог Ершат Ағыбайұлы Оңғаров жүргізді. Жамағатқа әділ істің, әділдіктің Исламдағы және Құрандағы орны мен Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) хадистеріндегі көркем көріністері айтылды.

Уағыз соңында Ершат Ағыбайұлы  Алла Тағала бізді барлық жағдайда да әділ болуды нәсіп етуін тілеп, дұға жасады.

Juma 1

Juma 2

Juma 4

Juma 5

Juma 6

Juma 7

Juma 8

Juma 9

Juma 10

ummet.kz

Бөлісу: