26
Жұма,
Сәуір

һижри

«Әбу Насыр әл-Фараби» мешіті отбасыларға қаржылай көмек көрсетті (фото)

«Әбу Насыр әл-Фараби» мешіті отбасыларға қаржылай көмек көрсетті (фото)

Мешіт тынысы
Жарнама

Қайырымдылық жасау, көмек қолын созу – Ислам дінінде дәріптелетін мұсылмандардың асыл қасиеттері.

Осыған орай, бүгін «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінде «Мейірімділік мекені» қайырымдылық шарасы өтті. Шара барысында елордадағы әлеуметтік жағдайы төмен 11 отбасыға қаржылай көмек көрсетілді.

Атымтай жомарт кісілердің, демеуші азаматтардың атсалысуымен өткен шараға мешіттің бас имамы Нұрлан Рамазанов арнайы қатысып, келген отбасыларға ақ тілектерін айтып, демеу болды. Қоғамда әрдайым көмек көрсетуге ниетті қамқор азаматтар барда арамыздағы мұқтаж кісілердің жүздеріне күлкі үйірілтетін іс-шаралар одан әрі жалғасын таба бермек.

Игі шараға келген отбасылар разы болып, демеуші азаматтарға, мешіт әкімшілігіне ризашылығын білдірді.

091221 Qaiyrymdylyq 1

091221 Qaiyrymdylyq 2

091221 Qaiyrymdylyq 3

091221 Qaiyrymdylyq 4

091221 Qaiyrymdylyq 5

091221 Qaiyrymdylyq 6

091221 Qaiyrymdylyq 7

091221 Qaiyrymdylyq 8

091221 Qaiyrymdylyq 9

091221 Qaiyrymdylyq 10

 

091221 Qaiyrymdylyq 12

091221 Qaiyrymdylyq 13

091221 Qaiyrymdylyq 14

ummet.kz

Бөлісу: