29
Дүйсенбі,
Сәуір

һижри

«Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінде «Мейірімділік жәрмеңкесі» өтті (фото)

«Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінде «Мейірімділік жәрмеңкесі» өтті (фото)

Мешіт тынысы
Жарнама

«Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінің бастамасымен мешіт жанынан құрылған «Жібек» қыз-келіншектер клубының ұйымдастыруымен дәстүрлі «Мейірімділік жәрмеңкесі» өтті.

Оған мешіт ұстазы Әйгерім Қайратқызы мен әйел жамағаты, қыз балалардан құралған шәкірттер толықтай атсалысты. Қайырымдылық жәрмеңкесінде жамағатқа түрлі тағамдар, тәттілер, тоқаштар және мұсылман заттары ұсынылды.

Шараның мақсаты – жәрмеңке қаражатымен мұқтаж жандарға қайырымдылық көрсету. Мешіт жанынан құрылған «Жібек» қыз-келіншектер клубы үш бағытта жұмыс жасайды: қоғамдық, мәдени және қайырымдылық. Қайырымдылық бағыты бойынша ұйымдастырылған жәрмеңкедегі түрлі тәтті тағамдарды «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінің әйел жамағаты ұсынды. Жәрмеңкеден түскен қаражатты мешітке тіркелген әлеуметтік жағдайы төмен және көп балалы отбасылардың қажеттілігіне жұмсау жоспарланып отыр. Осындай сауапты шараны дәстүрлі түрде жиі ұйымдастырып келе жатқан мешіт ұжымына, мешіт ұстазы Әйгерім Қайратқызына және осы шараға белсене атсалықан әйелдер жамағатына Алла разы болсын дейміз.

250222 Qaiyrymdylyq Jarmenke 2

250222 Qaiyrymdylyq Jarmenke 3

250222 Qaiyrymdylyq Jarmenke 4

250222 Qaiyrymdylyq Jarmenke 5

250222 Qaiyrymdylyq Jarmenke 6

250222 Qaiyrymdylyq Jarmenke 7

250222 Qaiyrymdylyq Jarmenke 8

250222 Qaiyrymdylyq Jarmenke 9

250222 Qaiyrymdylyq Jarmenke 10

250222 Qaiyrymdylyq Jarmenke 11

250222 Qaiyrymdylyq Jarmenke 12

250222 Qaiyrymdylyq Jarmenke 13

250222 Qaiyrymdylyq Jarmenke 14

ummet.kz

Бөлісу: