05
Жексенбі,
Мамыр

һижри

«Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінде алғашқы тарауық намазы оқылды (фото)

«Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінде алғашқы тарауық намазы оқылды (фото)

Мешіт тынысы
Жарнама

Рамазан айының кіруіне орай, ел мешіттерінде тарауық намазы басталды. «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінде де алғашқы тарауық намазы оқылып, Құран Хатым басталды. Аталған игі шараға, мешіт ақсақалдары, мешіт имамдары мен мыңдаған елордалық мұсылман жамағаты қатысты.

Жаңа айдың тууына байланысты айтізбесі бойынша қасиетті Рамазан айы кіріп, ел мешіттерінде 20 рәкәғаттан тұратын тарауық намазы оқыла басталды. Осы үрдіс ай бойы жалғасады. Жалпы «тарауық» сөзі қазақ тілінде «демалу», «тынығу» деген мағыналады береді. Бұлай аталатын себебі, тарауық намазында әр төрт рәкәғатынан кейін жамағат бір сәт аяқ жазып, тасбих айтылып тынығады. Әбу Ханифа мазһабы бойынша 20 рәкәғат оқылады.

«Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінің Бас имамы Нұрлан Рамазанов жиналған жамағатты Рамазан айымен құттықтап, Рамазан айының қадір-қасиеті жайлы баяндап, мешіт жамағатын Рамазан айында атқарылар игілікті іс-шаралардан қағыс қалмауға шақырды. Сонымен бірге, ай бойы тарауық намазында Хатым жасайтын қариларды көпшілікке таныстырды. «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінде ай бойы үш бірдей білікті қари Құран Хатым оқиды.

Атап айтқанда, «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінің ұстазы, білікті қари Нұриддин Абдусамадұлы, 2001-2004 жылдары Шымкент қаласы «Да аль-арқам» Құран жаттау орталығында 30 пара Құранды толық жаттаған. 18 жылдан бері хатым етуде.
Екінші қари Қайырбай Даукен, 2011 жылы Алматы қаласы «Көктөбе» Құран жаттау орталығында 30 пара Құранды толық жаттаған. 11 жылдан бері хатым етуде.
Үшінші қари Алижан Батыржанұлы, 2021 жылы Түркия Республикасы Маниса қаласында 30 пара Құранды толық жаттаған. 2 жылдан бері хатым етуде. Аты аталған қарилар тарауық намазында Құранды бастан-аяқ оқып, Хатым жасайтын болады.
Айта кетейік, елорда әкімшілігінің қолдауымен жыл сайын ұйымдастырылып келе жатқан үрдіс бойынша биыл да тегін автобустар шығарылып, мешітке келген жамағаттың үйіне қайтуына мүмкіндік жасалды. Алла қылған құлшылықтарыңызды, ұстаған оразаларыңызды қабыл етсін!

010422 Tarauih 1

010422 Tarauih 3

010422 Tarauih 4

010422 Tarauih 5

010422 Tarauih 6

010422 Tarauih 7

010422 Tarauih 8

010422 Tarauih 9

010422 Tarauih 10

ummet.kz

Бөлісу: