09
Бейсенбі,
Мамыр

һижри

Әйел жамағатына «Құранға деген махаббат» тақырыбында уағыз айтылды (фото)

Әйел жамағатына «Құранға деген махаббат» тақырыбында уағыз айтылды (фото)

Мешіт тынысы
Жарнама

Бүгін «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінде мешіт ұстазы Қазбекова Әйгерім Қайратқызының ұйымдастыруымен әйел жамағатына уағыз жүргізілді.

Уағызды жүргізген ҚМДБ әйел-қыздар секторының меңгерушісі, ұстаз Нұрғалиева Динара Құтқожақызы жамағатқа «Құранға деген махаббат» тақырыбында уағыз жүргізді.

Қасиетті Құран айында мешіт жамағатына, оның ішінде Құран сабақтарының шәкірттеріне Құранның қадір-қасиеті туралы кеңінен айтылды.

Уағыз, насихат барысында Динара Құтқожақызы Құранға махаббат қойған адамдардың бойындағы ізгі көріністерді атап өтті.

Құранды жиі оқу, Құран аяттары жөнінде ойлану, мінезімізді Құран үйреткен мінезбен сәйкестендіру, Құран аяттарын оқып, естігенде жүректің ләззатқа бөленуі Құранға деген махаббаттың басты көріністері екенін айтты.

Насихат соңында Алла баршамыздың жанымызды Құран нұрымен толтырып, қасиетті кітапқа деген сүйіспеншілігімізді арттыруын тілеп, жамағатпен бірге дұға жасады.

080422 Juma 1

080422 Juma 2

080422 Juma 3

080422 Juma 4

080422 Juma 5

080422 Juma 6

080422 Juma 7

ummet.kz

 

Бөлісу: