«Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінің жанынан құрылған «Жібек» қыз-келіншектер клубының және мешіт ұстазы Әйгерім Қайратқызының ұйымдастыруымен қайырымдылық ауызашары өтті.
Ауызашарды мешіт ұстазы Нұриддин Абдусамадұлы Құран оқып, ашып берді.
Мешіт жамағатының ақ жаулықты әжелерінің атсалысуымен өткен ізгі шараға елордалық мешіт ұстаздары, мешіт шәкірттері мен мұқтаж жандар мен науқас балалардың аналары шақырылды. Ауызашар соңында әлеуметтік жағдайы төмен және науқас балалардың ата-аналарына қаржылай көмек көрсетіліп, сый-сияпат жасалды. Қасиетті айда әлеуметтік жағдайларын назардан тыс қалдырмай, көмек қолын созып, жылулық сыйлаған жандарға, мешіт ұжымына келген отбасылар ризашылықтарын білдіріп, алғыс айтты.
ummet.kz