25
Бейсенбі,
Сәуір

һижри

Ораза айтта мешіт ұжымы балаларға тәттілер үлестірді (фото)

Ораза айтта мешіт ұжымы балаларға тәттілер үлестірді (фото)

Мешіт тынысы
Жарнама

Бүгін күллі мұсылман қауымының ұлық мейрамы – Ораза айт басталды.

Дін мен дәстүрді ұштастыра білген мешіт ұжымы Ораза айт мейрамына ерекше дайындалды.

Ораза айт намазына ата-аналарына, аталарына ілесіп келген кішкентай бүлдіршін балаларға мешіт ұжымы тәттілер таратып, айттық ұсынды. Қазақта «Бар жақсымыз, балаларға!», «Берсең, балаға бер!» деген сияқты даналық сөздер бар. Балаларымызға Ораза айт мейрамының рақымшылыққа, жақсылыққа, қуанышқа толы мерекелі де, берекелі мейрам екенін сезіндіру – барлық мұсылманға міндет. Таң ертемен тәттілер алып, мәз болған балақайлардың жүздері бал-бұл жанып, кезекпен рақмет айтып, ризашылықтарын білдірді.

020522 Aittyq 1

020522 Aittyq 2

020522 Aittyq 3

020522 Aittyq 4

020522 Aittyq 5

020522 Aittyq 7

ummet.kz

Бөлісу: