21
Бейсенбі,
Қараша

һижри

«Әл-Фараби» мешіті: Наиб мүфти жұма уағызын жүргізді (фото)

«Әл-Фараби» мешіті: Наиб мүфти жұма уағызын жүргізді (фото)

Мешіт тынысы
Жарнама

«Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының наиб мүфтиі, ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы жұма уағызын жүргізді.

Наиб мүфти жұма намазына жиналған ағайынға «Зұлхижжа айындағы алғашқы 10 күннің артықшылығы» тақырыбының уағыз айтты.

Сансызбай қажы уағыз барысында Зұлхижжа айының алғашқы 10 күнін ізгілікпен өткізу Алла Тағалаға жақындататынын,  бұл күндерде күнә істеу пендені Жаратушысынан алыстатып, оның мейірімінен мақрұм ететін атап өтті.  Сол себепті де Зұлхижжа айының алғашқы он күнінде мұсылман жұртшылығы мынадай құлшылықтарды – қажылық, арапа күні ораза ұстау, тәкбір ташриқ айту, айт намазын оқу, құрбан шалу секілді ізгі амалдарды атқаруға мән беруі қажет екенін айтты.

Уағыз соңында наиб мүфти жамағатты осы күндерді барынша ізгілік, сауапты амалдармен өткізуге шақырып, елдің амандығы үшін дұға жасады.

Мешіт ақсақалдары наиб мүфтидің көркем уағыз-насихатына ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.

010722 Juma 1

010722 Juma 3

010722 Juma 4

010722 Juma 5

010722 Juma 6

010722 Juma 7

ummet.kz

Бөлісу: