21
Бейсенбі,
Қараша

һижри

ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі жұма уағызын жүргізді (фото)

ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі жұма уағызын жүргізді (фото)

Мешіт тынысы
Жарнама

Сыр сақтай білу – көркем мінезді адамдардың негізгі сипаттарының бірі.

Бүгін «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінде ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров жамағатқа жұма уағызын жүргізді. «Сыр – аманат» тақырыбында өткен жұма уағызында Батыржан Берденұлы сөзге беріктік, сыр сақтай білу, аманат деп тапсырылған хабарды ешкімге айтпау – адамның рухани кемелдігінің көрінісі екенін атап өтті.

Адамның ешкімге тіс жармай, сақтауы керек болған сыр атаулының бірнеше түрлерін, атап айтқанда:  адамның жеке өзінің сыры, отбасылық сыр, өзге адамдардың сырын жеке-жеке жіктеп, кеңінен тоқталды. Сырға берік болу, оны аманат ретінде қабылдау қасиетті Құран Кәрімнің бірнеше аяттарына көрініс тапқанын тілге тиек етті.

Уағыз соңында Батыржан Мансұров Алла Тағала баршамызды аманатқа берік, сырды сақтай білетін, ізгі құлдары қатарынан етуін, қасиетті күнде тілеген дұға-тілектеріміздің қабыл болуын тіледі.

290722 Juma 2

290722 Juma 3

290722 Juma 4

290722 Juma 5

ummet.kz

Бөлісу: