29
Жұма,
Наурыз

һижри

«Мектепке жол» жалғасуда (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

Биыл жылдағы игі дәстүрге сәйкес, жаңа оқы жылының келуіне орай «Мектепке жол» акциясы республикалық көлемде жалғасын табуда. Астана мешіттері де аталмыш акция аясында көпбалалы, әл-әуқаты төмен отбасыларға көмек қолын созып келеді.

Елорданың «Әл-Ғани» мешітінің бас имамы Н.Бақбасаровтың ұйымдастыруымен 40 балаға оқу құралдары мен сөмке сыйға тартты. Айта кету керек, ізгілік акциясы арқылы мұқтаж жандарға демеушілік білдірушілер де осы ел арасынан шыққан жаны жомарт азаматтар. «Мектепке жол» акциясының басты мақсаты да осы көпбалалы, тұрмыстық жағдайы төмен отбасы балаларына мектеп қажеттіліктерін, оқу құралдары мен киім-кешектерін алуға көмектесу, қуаныш пен мейірім сыйлау болып табылады.


 

ummet.kz-ақпарат 

Бөлісу: