26
Жұма,
Сәуір

һижри

«Әл-Фараби»: Мешіт қызметкеріне баспана берілді (фото)

«Әл-Фараби»: Мешіт қызметкеріне баспана берілді (фото)

Мешіт тынысы
Жарнама

Астана қаласындағы «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінің ұжымы үшін ерекше қуанышты күн.

Мешіт қызметкері, білікті қари, ұстазымыз Нуриддин Абдусамадұлына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Зекет» қоры жариялаған «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында баспана берілді.

Көптен күткен армандарына қол жеткізген жас отбасын сауапты шараға ұйытқы болған «Idirid Orynbasar» қорының жетекшісі Азамат Орынбасаров құттықтап, қуанышымен бөлісіп қайтты.

Елорданың бас имамы Ерболат Жүсіпов өкілдік атынан баспана кілтін табыстап, ізгі тілегін білдірді.

Айта кетейік, Нуриддин Абдусамадұлы 2001 жылы Түркиядан елге оралып, «Нұр-Мүбәрак» Египет Ислам университетінен білім алған, еліміздің әр өңіріндегі мешіттерде қызмет атқарып келе жатқан білікті қари, тәжірибелі маман. Әріптесімізді қуанышымен құттықтап, жаңа қонысына құт-береке, шаңырағына шаттық тілейміз.

a2aa7558ac3110bc07712f910d961723

ummet.kz

Бөлісу: