28
Бейсенбі,
Наурыз

һижри

Астана имамдарына семинар өткізілді (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

Бүгін «Әзірет Сұлтан» мешітінде «Зайырлылық –  мемлекеттік пен ұлттық қауіпсіздіктің тұғыры» атауымен елорда имамдарына арналған семинар өткізілді. Жиынға ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Діндер жөнінде ғылыми-зерттеу және талдау орталығының директоры Айнұр Әбдірәсілқызы, Дін істері комитеті басқарма бас сарапшысы, саяси ғылымдар кандидаты Мейрам Иманбаев, Астана қаласы Дін істері жөніндегі басқарма басшысының міндетін атқарушы Нұрдәулет Әлмұқанов және «Нұр Астана» орталық мешітінің наиб имамы Төлеби Оспан қатысты.

 Алғаш болып сөз алған Нұрдәулет Иманәліұлы теріс пиғылды ағымдардың жетегінде кеткен жандарға арнайы түсіндірме дәрістері ұдайы жүргізіліп отырғанын жеткізді. Өз кезегінде Исламдық діни бірлестіктермен байланыстар басқармасының бас сарапшысы Мейрам Иманбаев Дін істері комитеті атқарған іс-шараларға тоқтала келе, қолданыстағы діни заңды одан әрі халыққа жеткізуді нығайта түсу керектігін айтты. «Елімізде мемлекетіміздің саясатын кеңінен насихаттап, дінаралық, ұлтаралық араздықты болдырмау және оған жол бермеу керек. Осы бағытта Діни басқарма тарапынан құрылған Республикалық ақпараттық насихат тобының да атқарып жатқан жұмыстары жеткілікті. Сондықтан біз мемлекеттің бір тұтастығы үшін жұмыс жасайық», - деді М.Иманбаев.

Діндер жөнінде ғылыми-зерттеу және талдау орталығының директоры Айнұр Әбдірәсілқызы Матуриди ақидасының қазақ дүниетанымындағы алар орны туралы кеңінен сөз қозғады. Семинар соңын түйіндеген «Нұр Астана» орталық мешітінің наиб имамы Төлеби Оспан келген қонақтарға мәнді де мағыналы сұхбаттары үшін алғыс айтты. 


«Нұр Астана» орталық 

мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: