28
Жексенбі,
Сәуір

һижри

«Әл-Фараби» мешітінде Құрбан айт намазы оқылды (фото)

«Әл-Фараби» мешітінде Құрбан айт намазы оқылды (фото)

Мешіт тынысы
Жарнама

Бүгін күллі мұсылман қауымының ұлық мейрамы – Құрбан айт басталды.

Таңғы сағат 6:00-де елордадағы барлық мешітте айт намазы оқылды. Күллі мұсылман жұртының ұлық мейрамы – Құрбан айттың алғашқы күні оқылатын айт намазына асыққан жамағат «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітіне де жиналды.

Таң сәріден ұлық мерекеде ізгі ниетімен, мешітке ағылған астаналықтар сүннетке амал етіп, хош иіс себініп, әсем киініп, қуанышты көңіл-күймен бірін-бірі құттықтап, мәз-мейрам күйде болды.

Мерекелік мінәжат үшін Құрбан айт намазына жиылған қауымға мұсылмандардың қасиетті кітабы Құран Кәрімнен аяттары оқылды.

Мешіттің Бас имамы Нұрлан Рамазанов ұлық мерекемен мұсылман қауымын құттықтап, Құрбан айт мейрамы туралы уағыз-насихат айтты. Көркем насихат соңында әр отбасына амандық-саулық, береке-бірлік тілеп, игі лебізін жеткізді.

280623 Namaz 1

280623 Namaz 2

280623 Namaz 3

280623 Namaz 4

280623 Namaz 5

280623 Namaz 6

280623 Namaz 7

280623 Namaz 8

280623 Namaz 9

280623 Namaz 10

ummet.kz

Бөлісу: