29
Дүйсенбі,
Сәуір

һижри

«Әл-Фараби»: Бас мүфти мешіт жамағатына жұма уағызын айтты (фото)

«Әл-Фараби»: Бас мүфти мешіт жамағатына жұма уағызын айтты (фото)

Мешіт тынысы
Жарнама

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы «Әбу Насыр әл-Фараби»  мешітінде жұма уағызын айтты.

«Иманның шарттары» тақырыбында насихат айтқан бас мүфти: «Иманның негізгі орны – жүрек. Қандай адам болмасын Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) әкелген нәрселеріне жүрекпен сенсе, оның дұрыстығына иланса, онысын бір себептерге орай тілімен айта алмаса да Алла құзырында мүмин болып саналады. Ал, тілімен ғана иман келтіргендігін айтып, жүрегімен растамаса, Алла құзырында шынайы иман келтірген болып табылмайды.

Қазақ халқы «Иманы кеткеннің жиғаны кетеді», – деп иманды үлкен байлыққа балап, барлық жақсы қасиеттер имандылықтан туындайтынын, имансыз адам бүкіл жақсылық атаулыдан мақрұм қалатынын айтқан. Расымен де Алла Тағалаға иман келтірген адам Жаратушысының алдындағы құлшылық-ғибадатын атқарып, адамдармен ең көркем мәміледе болуға тырысады, ешкімге қиянат жасап, ала жібін аттамайды. Пенде Алла Тағаланың разылығына қол жеткізуі үшін тек иман келтіруі жеткіліксіз. Иманмен бірге ықыласпен құлышылық жасап, көркем мінез-құлық иесі де болуымыз маңызды» деді.

Бас мүфти иман ұғымын, оның шарттарын толыққанды түсінуіміз үшін иман мәселесінде «Иманның шарттарына сену», Иман артып-кеми ме? «Иманның дұрыс болу шарттары», «Иман мен амал арасындағы қатынас» секілді маңызды үш бағытты тереңнен толғап, жамағатқа кеңінен мағлұмат берді.

Көркем насихат барысында Наурызбай қажы Тағанұлы қасиетті Құран аяттарын тілге тиек етіп, Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өнегелі өмір жолынан ғибратты оқиғаларды баяндап, жамағатты имандылықты серік етуге, елге, ұлтқа пайдалы болуға шақырды. Мешіт ақсақалдарымен бірге еліміздің тыныштығы, халқымыздың амандығы үшін арнайы дұға жасады.

0434263a c503 49ec 9858 6d381cb0f193

8ff383cd bfd8 41dc 98e6 5bde582b9975

21f5654a a38c 4731 8a01 537927eb440d

00f59505 1f86 4b53 a416 79be291cb10c

ummet.kz

Бөлісу: