06
Дүйсенбі,
Мамыр

һижри

Сенбіліктегі серпіліс

Мешіт тынысы
Жарнама

Ислам – тазалыққа құрылған дін. Мұсылман баласының жан-дүниесі мен тәнін таза ұстағаны секілді өзі тұратын жерді де ұқыпты ұстауы үлгілі істің көрінісі болып табылады. Бүгінгі жүргізілген шара осыны айғақтайды.

Дәлірек айтсақ, қыркүйек айының 9-күні Астана қаласында  «Біз – таза қала үшін!» атты жалпы қалалық сенбілік шарасы өтті. Елорданың тазалығына ҚМДБ-ның наиб мүфтиі, «Нұр Астана» орталық мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Өтпенов бастаған мешіт ұжымы, «Астана» медресенің ұстаздары мен шәкірттері қатысып, игілікті іске үлестерін қосты.

Қабанбай батыр даңғылында жүргізілген тазалық жұмысында дін қызметкерлері мен медресе шәкірттері белсенді жұмыс көрсете білді. Нәтижелі жұмыс барысында көше бойы мен мешіт маңындағы бос жатқан жерлер қоқыстардан тазартылып, арнайы техникалар көмегімен қала сыртындағы полигондарға шығарылды.


 

«Нұр Астана» орталық

 мешітінің баспасөз қызметі

 

 

 

Бөлісу: