16
Сәрсенбі,
Қазан

һижри

«Әл-Фараби»: Құранға түскен 113 шәкіртке сертификат табысталды (фото)

«Әл-Фараби»: Құранға түскен 113 шәкіртке сертификат табысталды (фото)

Мешіт тынысы
Жарнама

«Әбу Насыр әл-Фараби» мешіті жанындағы «Жібек» қыз-келіншектер клубының ұйымдастыруымен «Құраным – менің қорғаным» атты дәстүрлі  рухани Құран кеші өтті.

Шараның мақсаты – «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінің діни сауат ашу сабақтарына алғаш аяқ басып, Алла Тағаланың мейірімінен үміт етіп, Құран Кәрімді оқып үйренсем, діни білімімді арттырсам деген ниетпен келген шәкірттерге қолдау көрсету болатын.

Шара барысында мешіт ұстазы Айгерім Қадылдың атсалысуымен Құранды мүдірмей оқитын дәрежеге жеткен 113 шәкіртке лайықты құрмет көрсетіліп, арнайы сертификатпен марапатталды. Шәкірттеріміздің құрметіне ақ дастархан жайып игі жақсылардың басын қосып, үлкендер бата беріп мешіт тарапынан дайындаған сый-сияпат тарту етілді.

ҚМДБ Әйел-қыздар секторының меңгерушісі Динара Құтқожақызы ізгі шараны ашып беріп, Құран оқудың дініміздегі маңызы мен сауабы жайлы мағыналы насихат айтты.

Астана қаласы әйел-қыздар секторының жетекшісі Эльмира Серікбайқызы мен Республикалық бас мешіт ұстазы Фарида Маратқызы періштелер білім жолына түскен адамға қанатын жаятынын, көктер мен жердегілер ол үшін дұға жасайтынын айта келе, алған білімі ақыретіне азық болып, Сырат көпірінен қиындықсыз өтуіне себепші болуын тілеп, ізгі тілегін айтты.

Кеш соңында шәкірттер мешіт ұстазы Айгерім Қадылға алғыстарын білдіріп, сый-сияпаттарын жасады.

9cebcc81 4479 4c08 b01b f76816281115

5fdae2af a082 440d 96bf 322754de16e8

f57143b0 75ac 4ab6 b0c8 b082d27dd55c

ummet.kz

 

Бөлісу: