30
Сейсенбі,
Сәуір

һижри

«Әл-Фараби»: Ақсақалдар Құран Хатым жасап, елімізге амандық тіледі (фото)

«Әл-Фараби»: Ақсақалдар Құран Хатым жасап, елімізге амандық тіледі (фото)

Мешіт тынысы
Жарнама

«Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінде ақсақал шәкірттер тобы қасиетті Рамазан айына орай Құран хатым түсірді.

Мешітіміздің шәкірт қариялары Құран айын әспеттеп, ай бойы Алла Елшісінің (с.ғ.с.) асыл сүннетіне амал жасады. Мешіт ұстаздарының жетекшілігімен қасиетті Құранды толық оқып болған қариялар мешіт ұстазы Нуриддин Абдусаматұлымен бірге хатым дұғасын жасады. Ақсақалдар ел мен жұрттың амандығы, тәуелсіздіктің баяндылығы, табиғи апаттан зардап шеккен, тасқын су басқан өңірдегі ағайындарымыз үшін тілек тіледі.

Ақсақалдар Рамазан ай бойы Құран хатым өткеруге ұстаздық жасап келе жатқан имамдар мен ұстаздарға ақ батасын беріп, ризалықтарын білдірді.

122cff76 f5c9 4870 90e5 ac313eb088e2

87de12ce 5ef3 41ef 9a79 28c5fa4a2ca1

2ec00c62 3d85 4e59 ade7 64b156a8963e

c7bde19c 3f24 4970 a47d d85ec9e65910

29652c34 6efa 4dd2 8640 1147cfbff273

644cf718 1dfd 4bb0 bd4f bb8cf9c90b41

6fd2aa0c 49b5 48c6 b603 d013094ed4df

ummet.kz

 

Бөлісу: