27
Дүйсенбі,
Мамыр

һижри

«Әл-Фараби»: Ораза айтта қайырымдылық жәрмеңкесі өтті (фото)

«Әл-Фараби»: Ораза айтта қайырымдылық жәрмеңкесі өтті (фото)

Мешіт тынысы
Жарнама

Ораза айт мейрамы елордалық тұрғындар мен қала қонақтары үшін сән-салтанатымен аталып өтті.

«Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінде Ораза айт мейрамының құрметіне орай дәстүрлі қайырымдылық жәрмеңкесі өтті.

Қайырымдылық жасауды көздеген жәрмеңкеге мешіт ұстазы Әйкерім Қадыл мен мешіт жанындағы «Жібек» қыз-келіншектер клубы, қыз балалардан құралған шәкірттер толықтай атсалысты.

Қайырымдылық жәрмеңкеде тағамдар, тәттілер, тоқаштар және күнделікті тұтынуға арналған діни заттар ұсынылды. Шараның мақсаты – жәрмеңке қаражатымен мұқтаж жандарға қайырымдылық көрсету. Жәрмеңкедегі түрлі тәтті тағамдарды «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінің әйел жамағаты ұсынды. Ардақты Пайғамбарымыздың (с.ғ.с): «Адамдардың ең қайырлысы – өзгеге пайдасы тигені» деген ізгі өсиетіне амал еткен мешіт шәкірттеріне алғыс білдіреміз.

f054db1a 4fe2 48cc b5a6 63f4d9a789a3

737e7bbb 6df0 4cee 9387 bb5009ffe412

7119c0d4 c8ff 4026 b9bc 8b4a5e160df2

f73df6b4 5881 4b83 9580 82e11060c8f7

f7295fb6 ff4b 42a3 834c aa82aa445eb8

ummet.kz

Бөлісу: