17
Сәрсенбі,
Сәуір

һижри

Құрбан айт мерекесінде өткізілер шаралар аңдатпасы

Мешіт тынысы
Жарнама

НЕ? ҚАЙДА? ҚАШАН?

 

24.09  

·         Елорда мешіттерінде сағат 7:45-те айт намазы

 

25.09  

·    «Нұр Астана», «Әзірет Сұлтан» және «Сәдуақас Ғылмани» мешіттерінің ауласында жалпы жұртшылыққа арналған мерекелік жәрмеңке;

·         Ұлттық спорттық ойындар сайысы;

·         Астана мешіттерінің ұйымдастыруымен «Раббың үшін құрбан шал!» қайырымдылық акциясы;

·         «Қуанса – бала қуансын» балаларға арналған іс-шара;

·         Қарттар үйінде «Қарттарым – асыл қазынам» атты рухани кеші.

 

24-26.09

·     Астана мешіттерінің қызметкерлері қаладағы мұқтаж жандардың үйлеріне арнайы барып, айт мерекесімен құттықтап, азық-түлік және құрбандық еттерін таратады;

·        Ауруханалардағы сырқат жандардың көңілін сұрап, айттық сыйлықтар тарту етіледі;

·        Қала мешіттерінің қызметкерлері Астана әкімдігімен бірлесе отырып, құрбандық еттерін мұқтаж жандарға үлестіреді.

 

Астана қаласы әкімдігі белгілеген құрбандық шалу орындары: 

1. «Алтын Таға» мал базары, Астана-Қосшы тас жолында;

2. «Пищекомбинат-Астаналык плюс» ЖШС М.Дулатов көшесі, 191;

3. «Нурбереке 555», Алаш тас жолы, 30 «Көк» базар маңында;

4. «Метро» сауда үйінің маңы «Астана-Қарағанды» тас жолы 4/1;

5. «Шаушен» шаруа қожалығы, «Астана-Софиевка» тас жолы 9 шақырым;

6. «Темеш» шаруа қожалығы, «Астана-Софиевка» тас жолы 7 км;

7. «Жайлау» шаруа қожалығы, «Алаш» тас жолы, «Алаш» базарының маңы;

8. «Мақсат 2007» ЖШС, Теміржолшылар тұрғын алабы, Ақжар көшесі, 20.

          9. «Сая-Нұр» мал базары, Н.Тілендиев к-сі 24.

 

«Нұр Астана» орталық

мешітінің баспасөз қызметі 

Бөлісу: