29
Жұма,
Наурыз

һижри

Астана жұрты Құрбан айтын тойлауда (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

Елорданың айшықты құлшылық орны «Нұр Астана» орталық мешітінде Астана уақытымен сағат 7:45-де айт намазы оқылды. Мүбәрак мерекедегі мінәжатқа жиылған халықтың санында есеп болмады.

Наиб имам Төлеби Оспан Құрбан айтының қадір-қасиеті жайында, Зулхиджа айының мәртебесі, құрбандықтың маңызы және қажылық төңірегінде уағыз айтты. Мұнан соң айт намазы оқылды. Құрбан айт құлшылығы Аллаға шүкірлік айтып, сәжде қылумен, ел-жұрттың амандығын, Отанның тыныштығын тілеп, дұға етумен аяқталды.

Намаздан соң «Нұр Астана» орталық мешітінде бұқараға арналған жәрмеңке өткізілді. Айта кетсек, елімізде жылдан жылға мүбәрак айт мерекелері ұлттық сипатта тойлана бастады. Бас мүфтидің бастамасымен жарияланған «Дін мен дәстүр» жылы аясында атқарылар шаралар легі бұқаралық реңк алып, елдің ыстық ықыласына ие болуда.

Бүгінгі Құрбан айт мерекесі де осы кезекті игілікті істерге ұйытқы болды. Жұртшылық киіз үйлерде жайылған ақ дастарқаннан дәм татып, көтеріңкі көңіл-күйде айт мейрамын бұқара болып тойлау үстінде.

Құрбан айттың қуанышынан балалар да тыс қалмады. Дін қызметкерлері айттық кәмпиттерін таратып, кішкентай астаналық тұрғындарға мерекелік көңіл-күй сыйлады.

 

«Нұр Астана » орталық

мешітінің баспасөз қызметі

 

 

 

Бөлісу: