21
Бейсенбі,
Қараша

һижри

«Әл-Фараби»: Балаларға тәттілер мен айттық сыйлық үлестірді (фото)

«Әл-Фараби»: Балаларға тәттілер мен айттық сыйлық үлестірді (фото)

Мешіт тынысы
Жарнама

Айт – қуаныш пен шаттыққа толы күн немесе «мереке», «мейрам» деген ұғымды білдіреді. Сахаба Әнастан (р.а.) жеткен хадисте «Алла Елшісі (с.ғ.с.) Мәдинаға келгенде, олардың екi мерекесi болатын. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Бұл қандай күндер?», – деп сұрағанда: «қараңғылық дәуiрiнде ол күндердi ойын-күлкiмен өткiзетiн едiк», – дедi. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Алла Тағала осы екi күндi олардан да жақсы Құрбан және Ораза айт күндерiмен алмастырды», – дедi (Нәсәи хадистер жинағы).

Айт күндері балаларға мейрамды сезіндіру сүннет болып саналады. Айт барша мұсылмандардың мерекесі болғандықтан, оны еңбектеген баладан еңкейген шалға дейін сезінуі тиіс. Сүннетке сай амал еткен мешіт ұжымы жыл сайынғы игі үрдісті жалғастырып, айт мейрамына ата-анасымен еріп келген кішкентай бүлдіршіндерге айттық сыйлық ретінде тәттілер тарту етті.

4a9f8871 5e65 4455 a617 7eab2c1bb7d3

9590b6c1 6581 4905 83d4 65b006fb3fc3

590239d1 3fc3 4f96 ad7f d893fcd714bf

d4b7f9dc d49d 4f6e 94ca e45431a7a7f5

ummet.kz

Бөлісу: