29
Жұма,
Наурыз

һижри

Құрбан айт құрметіне, отбасылық демалыс (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы келгелі ел руханиятында жаңа серпіліс басталып, біршама игі істер жалғасын табуда. Хақ пен халық алдында жауапкершілікті сезінген Бас мүфти қызметінің алғашқы сәтінен-ақ өңір имамдарына әрдайым бұқарамен бірге болуды және әрбір діни мейрамда халықпен тығыз қарым-қатынас жасауды қолға алып, өз назарында ұстап келеді.

Сонымен қатар, өкіл имамдармен кездесулерінде мешіт ұжымының өзара қарым-қатынасын нығайтуды, отбасылық жағдайларына көңіл бөле жүруді де әрдайым қаперге салатын.

Құрбан айт мейрамын «Нұр Астана» орталық мешітінің ұжымы халықтық сипатта ерекше көңіл-күймен өткізді. Бұл еңбек ескерусіз қалмады. ҚМДБ-ның наиб мүфтиі, «Нұр Астана» орталық мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен құрбан мейрамынан кейін ұжымның ынтымағын онан әрі нығайта түсу мақсатында мерекелік демалыс ұйымдастырылды.

Сәрсенбінің сәтті күні Елорда іргесіндегі белгілі «Балқарағай» демалыс орнында өткізілді. Оған мешіт ұжымы түгелдей бала-шағаларымен қатысып, көтеріңкі көңіл-күйдің куәсі болды. Кәуап пісіріліп, дәмді тағамдар әзірленіп, ақ дастархан жайылды. Ұжымға тілегін білдірген наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы: «Елдің қарашаңырағына айналған діни басқарманың төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазрет өмір жолында имамдық қызмет атқарған. Сол себепті, имамдардың ішкі-жан дүниесін жақсы түсінетін кісі. Сондықтан мешіт қызметкерлерінің материалдық әрі рухани жағдайының жақсы болуына жіті көңіл бөлуде. Бәріміз мұсылманбыз. Достық, мұсылманшылық, бір-бірімізге деген мейрім секілді аманатымыз бар. Мұны тілмен айтамыз, оны іспен асыруымыз керек. Міне, бүгінгі ұжымдық демалысымыз осының нақ нышаны», - деп атап өтті. 

Спорттық шаралар ұжымның ынтымағын арттыра түсті. Атап айтқанда, ерлер футболы, әйел кісілер валейболы, веложарыстар, атқа міну т.б. ойын түрлері демалыстың көркін қыздырды. Балалар да асыр салып, емен-жарқын таза ауада тыныстады. Иә, құрбан айттан кейінгі қызыққа толы ұжымдық демалыс осындай сәттерімен есте қалды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ


 

 

«Нұр Астана» орталық

 мешітінің баспасөз қызметі

 

 

 

 

Бөлісу: