«Әбу Насыр әл-Фараби» мешіті жылы шырайлы көктемнің хабаршысы болған, тамыры ежелгі дәуірлерден бастау алған Наурыз мейрамын жамағатпен бірге атап өтті.
Қасиетті Рамазан айымен тұспа-тұс келген ұлттық мейрамда мешіт жанынан құрылған «Жібек» қыз-келіншектер клубының шәкірттері жамағатқа арнап мереке әрі сауапты іс ұйымдастырды.
Наурыз мейрамының құрметіне орай ұйымдастырылған ізгі шарада мешіт шәкірттері 250-ге жуық жамағатқа дәмді наурыз көже мен ыстық бауырсақ үлестірді.
Одан әрі Наурыз мейрамының құндылығын насихаттау мақсатында ауызашарға жиылған жамағатқа дәстүрлі өнердің өкілдері әсем әннен, күмбірлеген күймен мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Дін мен дәстүрді ұштастыра білген мешіт ұжымына және шәкірттерге жамағат зор алғыстарын білдірді.
ummet.kz