«Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінде Қадір түніне жиылған жамағаттың қарасы көп болды. Алла Тағаланың разылығынан үміт еткен жамағатты мешіт ұжымы үлкен ықыласпен қарсы алды.
Жамағатпен оқылған үтір намазынан кейін мешітке жиылған көпшілікке сәресі беру жағы да назардан тыс қалмады. 500 кісіге арналған сәресі дастарханы жайылып, Рамазан қорапшалары табыс етілді.
Айта кетейік, бір ай бойы мешіт жанынан берілген ауызашар дастарханына демеуші азаматтар мұрындық болды. Мешіт жамағатының Қадір түнін қарсы алуына бар жағдай жасаған мешіт ұжымы көпшілікке арналған биоәжетханалар орнатып, жамағаттың келіп-кетуін жағдай жасап, тегін автобустарды қамтамасыз етті.
Таң намазы оқылғаннан кейін мешітте Қадір түнін қарсы алған жамағат үйлеріне тарасты. Мешіт жамағаты «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінде ай бойы оқылған Құран хатым мен тарауық намазына ризашылықтарын білдіріп, имамдарға алғыстарын білдірді.
ummet.kz