24
Сенбі,
Мамыр

һижри

«Әл-Фараби»: Білікті ұстаз мешіт жамағатына жұма уағызын айтты (фото)

«Әл-Фараби»: Білікті ұстаз мешіт жамағатына жұма уағызын айтты (фото)

Мешіт тынысы
Жарнама

Бүгін ҚМДБ Стратегиялық талдау және даму бөлімінің меңгерушісі, бас мүфтидің кеңесшісі, білікті ұстаз Смайыл Сейтбеков «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінде жұма уағызын айтты.

«Ұлттардың бірлігі – қоғам бірлігі» тақырыбында уағыз айтқан Смайыл Сүйерқұлұлы Ислам діні адамдарды тіліне, нәсіліне, ұлтына қарап бөлмейтінін, асыл дініміз қоғамдағы тыныштық пен ынтымақты сақтау үшін негізгі қағидаларды талап ететінін атап өтті. Атап айтқанда өзгенің құқығын сақтау, әділдік, көркем мәміле жасай алу, өзгелермен тату болу секілді төрт негізгі қағидаға кеңінен тоқталды.

Насихат барысында: «Әрбір адам баласы өзгенің ақысын жемей, ала жібін аттамай, өзге адамға зиянын тигізбеуі керек. Кісі ақысын жеу – ауыр күнәлардың бірі. Ғалымдарымыз бұл күнәны Аллаға ортақ қосудан кейінгі үлкен күнәға жатқызған. Себебі адам ақыретке кісі ақысын арқалап баратын болса, ақысы кеткен адам «мен оны кештім» демейінше әлгі құлды Алла Тағала да кешірмейді. Алла Тағала қасиетті Құранда: «Бір-біріңнің малыңды нақақтан-нақақ жемеңдер. Сондай-ақ, адамдардың малының бір бөлігін негізсіз жейтіндеріңді біле тұра, билерге пара беруге тырыспаңдар», – деген («Бақара» сүресі, 188-аят). Адам баласы өз мал-дүниесін қалай қорғаса, өзгенің де мүлкін солай қорғауға тиіс. Себебі біреудің малын әділетсіз жолмен жеу сайып келгенде өз малыңды жеумен тең», - деді білікті ұстаз.

Уағыз соңында баршамыздың адал да, әділ жандардан болуымызды тілеп, еліміздің амандығы мен халқымыздың бірлігі үшін арнайы дұға жасады.

e28c0f96-9889-434f-9211-30bbda38b69b.jpeg

1b421367-3b81-4433-9320-056fc3db034b.jpeg

14bef85e-45af-44bb-bc9a-3be0131c2d7d.jpeg

b38094d9-4d75-4ab0-ac89-3a6fd6c340f0.jpeg

209dbd7e-e868-417e-9007-c115fb0f68ef.jpeg

7c7ff948-aa52-4e0d-a130-21006a7a2936.jpeg

b60fccb3-b4bb-4420-bf64-afb24c4ffe69.jpeg

78f1d8cc-0011-4fe7-8302-d533609d5685.jpeg

ummet.kz

Бөлісу: