11
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

«Әл-Фараби»: Жамағатқа «Ас беру мәдениеті» құжаты таныстырылды (фото)

«Әл-Фараби»: Жамағатқа «Ас беру мәдениеті» құжаты таныстырылды (фото)

Мешіт тынысы
Жарнама

«Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінде әдеттегідей жамағатқа арналған бейсенбілік ақ дастархан жайылып, көпшілікке арналған насихат кеші өтті.

Бұл жолы «Әбу Насыр әл-Фараби» мешіті «Жастар ісі» секторының ұйымдастыруымен өткізілген шарада мешіт ұстазы Аманжолов Алтынбек жиылған жамағатқа «Ас беру мәдениеті» тақырыбында көркем насихат айтты.

Жиын барысында мешіт жамағаты ҚМДБ қабылдаған «Ас беру мәдениеті» құжатымен танысып, ас беру мәдениетінің қазақ халқының рухани және әлеуметтік өміріндегі орны мен маңызы туралы мәліметпен толығырақ сусындады. Әсіресе, дастарқан әдебі, ас беру рәсімдерінің шариғатқа сай ұйымдастырылуы және ұлттық құндылықтарды сақтай отырып, жастарға өнеге боларлық мәдениетті дамыту мәселелері сөз болды.

Мешіт ұстазы ас беру дәстүрінің Ислам дініндегі орнына тоқталып, оның артық шығынсыз, қарапайым түрде өтуінің маңыздылығын атап өтті.

ce6f6b39-b4cc-4012-87d2-9affaff84728.jpeg

af64d3e8-7c81-44cf-8e05-af460781f477.jpeg

6577053f-5cfc-4b0c-a4fc-963dcb5e931c.jpeg

c0e88290-f570-49f3-a088-72c9ae8eb588.jpeg

d2bc0a2b-5cbb-4132-9714-b8ea5ac9c5b7.jpeg

3afc3238-89eb-4b10-9f79-4c13bd1acf09.jpeg

ummet.kz

Бөлісу: