28
Сәрсенбі,
Қаңтар

һижри

«Әл-Фараби»: Құранға түскен 135 шәкірт марапатталды (фото)

«Әл-Фараби»: Құранға түскен 135 шәкірт марапатталды (фото)

Мешіт тынысы
Жарнама

Қасиетті кітапты оқу – ең ұлы ғибадаттардың бірі және Аллаға жақындататын төте жол. Әбу Умама риуаят еткен хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Құран оқыңдар! Ол қиямет  күні иесіне шапағат етеді», – деп басқа пайғамбарларға берілмеген шапағатты Құран иеленетінін білдірген.

Міне, Алла Елшісінің (с.ғ.с.) осындай өнегесіне амал еткен «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінің әйел жамағаты арасында Құранды мүдірмей оқитын деңгейге жеткен үздік шәкірттеріне лайықты құрмет көрсетілді.

Мешіт жанындағы «Жібек» қыз-келіншектер клубының ұйымдастыруымен жыл сайын жалғасып келе жатқан «Құраным – менің қорғаным» атты дәстүрлі рухани Құран кеші өтті.

Шараның мақсаты – «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінің діни сауат ашу сабақтарына алғаш аяқ басып, Алла Тағаланың мейірімінен үміт етіп, Құран Кәрімді оқып үйренсем, діни білімімді арттырсам деген ниетпен келген шәкірттерге қолдау көрсету.

Рухани кеш әдептен жаңылмай, қасиетті Құран аяттарын оқумен басталды. Шараға арнайы қатысқан Астана қаласы әйел-қыздар секторының жетекшісі, ұстаз Бекет Гүлсара ханым мен «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы Мурзатаева Гүлнұр – періштелер білім жолына түскен адамға қанатын жаятынын, көктер мен жердегілер ол үшін дұға жасайтынын айта келе, алған білімі ақыретіне азық болып, Сырат көпірінен қиындықсыз өтуіне себепші болуын тілеп, ізгі тілектерін айтты.

Шараның негізгі бөлімінде мешіт ұстазы Айгерім Қадылдың атсалысуымен Құранға түскен 135 шәкіртке қасиетті Құран кітабы сыйланып, барлығы арнайы сертификатпен марапатталды. Рухани кеш соңында шәкірттеріміздің құрметіне ақ дастархан жайылып, игі жақсылардың басын қосып, үлкендер бата берді, келген қонақтарға мешіт тарапынан дайындалған сый-сияпат тарту етілді.

IMG_001.JPG

IMG_002.JPG

IMG_003.JPG

IMG_0004.JPG

IMG_0005.JPG

IMG_0006.JPG

IMG06669.JPG

IMG0007.JPG

 

ummet.kz

Бөлісу: