28
Бейсенбі,
Наурыз

һижри

Мұсылман болу – бір бақыт

Мешіт тынысы
Жарнама

Қазақ елі тәуелсіздігіне қол жеткізген уақыттан бері халықтың өшкені жанып, қос қазынасы қайта оралды. Ата діні мен баба салтына бекем ел руханияты өз тұғырына қонып, қуанышы молайды. Жер-жерде менмұндалаған күмбезді мешіттер саны артып, құбылаға жүз бұрған иманды жан көбейді.

Осындай қос дүниелік бақытқа ие болған жанның бірі – Алексей есімді астаналық азамат. 26 жасында тіршілігін құлшылығымен теңестіруді мақсат тұтқан ол елорда төріндегі «Нұр Астана» мешітіне қадам басты. Наиб имам Бекзат Ақжігітов иманжүзді жігітке кәлима шаһадатын айтқызып, мұсылманшылығына жамағат куә болды. «Бүгін Алланың мейірім-рахымы тағы бір жанның көкірек көзіне сәулесін шашты деп білемін. Жаратылу мақсатыңды ұғынып, айтылған азан мен оқылған Құранға құлақ түру имандылықтың айқын белгісі ғой. Біз осы бауырымыз үшін, расында, қуаныштымыз» деген наиб имам Алексейге қасиетті Құран Кәрім сыйға тартты.

Айта кетсек, Алла үйіне келген Алексей Николаевичке азан шақырылып, Әлихан есімі берілді. «Әли – баршаңызға белгілі, саңлақ сахаба есімі болса, хан – қазақы танымға сай текті сөз саналады» дейді имам. 

Ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: