22
Жұма,
Қараша

һижри

Телеарна тілшісі «Умра» жолдамасына ие болды (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі». Рухани қара шаңырақ – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Ислам және Өркениет» газеті мен «Иман» журналы бүгінде ел мұсылмандарының сүйікті басылымына айналды. Елдің мұңын мұңдап, жоғын жоқтап, рухани жаңалықтың жаршысы болған қос басылымның астаналық оқырмандарын онан әрі арттыру үшін ҚМДБ-ның наиб мүфтиі, «Нұр Астана» орталық мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен жуырда жамағат арасында «Газет пен журналға жазыл да, қажылыққа тегін бар!» атты бәйге жарияланған-ды.

 Осыған орай, кеше «Нұр Астана» орталық мешітінде «Ислам және Өркениет» газеті мен «Иман» журналына бір жылға жазылған оқырмандар бәйгес қорытындыланды. Бәйгеге қатысуға ынта білдіріп, мешітке қадам басқан оқырмандар қарасы көп болды.

 Руханият басылымдарына қызығушылықты арттырып, оқырмандардың санын көтеру мақсатында ұйымдастырылған игі шарада бағалы жүлделер тігілді. Бәйге шарттарына сай қос басылымның жеңімпаздары да анықталды. Бағы жанған «24kz» телеарнасының тілшісі Жамбыл Балымжанұлына «Умра» қажылығының жүлдесі бұйырды.

Бас жүлде иегерін орталық мешіттің наиб имамы Төлеби Оспан құттықтап, қажылық сертифакатын мешіт атынан табыс етті. Сондай-ақ, басылым бәйгесінің екінші жеңімпазы атанған мешіт жамағаты Ерлан Райымқұловқа 30 000 теңге және өзге де оқырмандарға байқау шарттарына сәйкес діни кітаптар жинақталған ынталандыру сыйлығын үлестірді.

 Айта кетейік, жұртшылықтың имани басылымдарға құлшыныс-ниетін арттырған бас бәйгеге тігілген «Умра» қажылығына «Достық-Тревел» қажылық компаниясы демеушілік көрсетті. 

 


«Нұр Астана» орталық 

мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: