26
Сейсенбі,
Қараша

һижри

Жат ағыммен күрес – қоғамдық мәселе

Мешіт тынысы
Жарнама

Дін атын бетперде қылған ағымдар ақиқатын анықтау – дін саласындағы өзекті мәселе. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының алға қойған мақсат-міндеттері де жат ағым идеологиясынан жастарды, жалпы қоғамды қорғау, теріс пиғылды топтардың ел ішінде таралуына жол бермеу болып табылады.

Осы мақсатта Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының қарамағындағы  «Қазқұрылысжүйесі» Акционерлік қоғамы қызметкерлерімен арнайы кездесу өтті. Дін тақырыбын арқау еткен жиынға «Нұр Астана» орталық мешітінің наиб имамы Нұрлан Рамазан қатысып, жат ағымдарды анықтаудың тиімді әдіс-тәсілдері тарқатылды. Наиб имам дәстүрлі дінімізге жат, қоғамға қайшы келер діни ағымдар жайында кеңінен түсіндірді.

«Халқымыздың ежелден діни сенімі қалыптасқан, дәстүріне берік екені бесенеден белгілі. Сол себепті, сырттан келген елдің ой-санасы қабылдамайтын мұндай ағымдармен біз бүтін қоғам болып күресуіміз керек. Мешітімізде жамағатқа Әбу Ханифа мәзһабы, ақида тақырыптарында дәрістер өткізіліп келеді. Шын мәнінде, асыл дініміз елдің өсіп-өркендеуін, көркеюін, халқымыздың ынтымақ-бірлігін арттыруды мұрат етеді. Осы жолда бар мүмкіндігімізді, білім-біліктілігімізді салып, қызмет етуге қашанда әзірміз. Жат ағымның ынтымағы жарасқан жамағат арасында таралуына жол жоқ» деді наиб имам Н.Рамазан.

Өз кезегінде «Қазқұрылысжүйесі» Акционерлік қоғамы өкілдері өзекті тақырыпта кездесу өткізіп, діни таным-түсінікті тереңінен түсінідіріп берген мешіт имамына, дін қызметкерлеріне алғыс білдірді.

«Нұр Астана» орталық 

мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: