22
Жұма,
Қараша

һижри

Жұма эфирі – жақсылықтың жаршысы (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

Биыл Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының наиб мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен «Шалқар» радиосының тікелей эфирінде әр жұма күні «Елім менің» бағдарламасында Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасын насихаттау қолға алынды.

Игі жобаның кезекті жұма күнгі бағдарламасына Астана медресесі директорының орынбасары Марат Бектазинов қатысып, эфир желісінде дін құндылықтары жайында сұхбат берді.

Бағдарлама аясында М.Бектазинов ислам және зайырлылық тақырыбын тарқатып, тыңдармандардың көкейкесті сауалдарына жауап берді. Дін исламдағы орта жол, қоғамның бағыт-бағдарымен бір, мүдделес болу керектігін баса айтқан медресе өкілі бүгінгі күнде тәуелсіз елде тұғыры бекіген дін жайына тоқтала өтті. «Тәуелсіздігімізді, ауызбіршілік-ынтымағымыздың арқасында дініміз бен дәстүріміз өз арнасын тапқанына жұртшылық куә. Ендігі тілегіміз, осы бақытымыздың бағасын біліп, ел болашағы үшін әрбіріміз өз кәсіп, саламыз бойынша аянбай атсалысып, еңбек қылу. Бас мүфтиіміз ұстанған басты бағдар да, «Шалқар» эфирі бағдарламасымен бірлесіп жұмыс істеуге ниеттестік білдірген наиб мүфтиі бастамасы да осындай игі мақсаттарды алға қойып отыр» деді медресе директорының орынбасары М.Бектазинов.

«Нұр Астана» орталық 

мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: