21
Бейсенбі,
Қараша

һижри

Әйел жамағатымен өткен әсерлі кеш (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

Бұқаралық мереке қарсаңында «Нұр Астана» орталық мешітінің дін қызметкерлері мешіттің әйел жамағатына арнап дастархан жайып, игі тілектер арнасында бас қосты. Қайырлы кеште имамдар дін мен дәстүр сабақтастығы, халықтың асыл қазынасы саналатын салты жайлы сөз сабақтады.

 

«Міне, Алла тағаланың шексіз мейірім-рахымымен көктемнің шуақты атаулы күндеріне аман-сау аяқ бастық. Айдан аман, жылдан есен, елімізде бейбіт те берекелі тұрмыс кешіп отырғанымыз бір Алланың қалауымен болса, онан соң елдегі ұлттар мен ұлыстардың, халқымыздың ынтымақта, бірлікте тұрмыс кешуінің арқасы. Ағайын арасын, жақын-жуықтарымыздың ауызбіршілігін арттыру, ренжіскенді татуластыру, аразды достастыру – мұсылмандығымыздың белгісі, дәлірек айтсақ міндетіміз» дейді мешіт имамдары.

Әлмисақтан мұсылман қазақ халқының салт-санасы мен дәстүрімен сабақтастыра өрілген салиқалы сұхбат дастархан басына жиылған жұртшылықты ұйытып, әсерлі әңгіме айтқан дін қызметкерлеріне әйелдер қауымы алғыстарын жаудырды.

Елорда имамдарының мешіттің ер, әйел жамағаттарына түрлі деңгейдегі арнаулы шараларды ұйымдастыру дәстүрінің қалыптасып та үлгерген. Бүгінде мешіттің тұрақты жамағаттары құлшылық үйінің рухани-қайырымдылық, ағартушылық кештеріне әркез жұмыла кірісіп, ынтымақты елдің берекелі істеріне ұйытқы болуда.

«Нұр Астана» орталық

 

мешітінің баспасөз қызметі

 

 

Бөлісу: