23
Сенбі,
Қараша

һижри

Медреседе конференция аясындағы кездесу өтті (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты Жергілікті ақпарат насихат тобының (ЖАНТ) Астана қаласындағы жетекшісі, «Нұр Астана» орталық мешітінің наиб имамы Нұрлан Рамазан «Астана» медресесі шәкірттерімен кездесті. Кездесу Діни басқарма тарихында тұңғыш рет ұйымдастырылған «Ислам және зайырлы қоғам» атты республикалық конференцияның мән-маңызын түсіндіру мақсатында өтті.

 ЖАНТ жетекшісі Н.Рамазан білім алушы жастарға айтулы конференция жайында баяндап, оның мақсат-міндеттеріне тоқталды.  

«Мазмұны терең, ауқымы кең конференцияда бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы имамдар әруақыт бірліктің ұйытқысы болғанын, ұлт тәрбиешісі, рухани ұстаз екенін атап айтқан болатын. Имамдардың алқалы жиыны бүгінгі қоғамдағы дін қызметкерінің әлеуетін көтеруді, кәсіби біліктілігін шыңдауды, сондай-ақ, жастарды патриоттыққа тәрбиелеуді мақсат тұтты. Себебі, бүгінгі бірлік пен бейбітшілікке ұйыған халық, елім, жерім дейтін азаматтар ғана  не нәрсенің де қадір-қасиетін жетіп, бағасын біледі. Қазақстан қоғамының біртұтас қалыптасуына бар ынтасын, білімін, қажыр-қайратын салады. Сіздерді де еліміздің ертеңі үшін аянбай еңбек етеді деп сенеміз» деді наиб имам Н.Рамазан.

Сондай-ақ, медресе шәкірттеріне конференцияда аталған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қызметкерлерінің заманауи білімін жетілдіру, уағызшылар тобының кәсібилігін шыңдау, шешендік өнерді меңгеру, психологияны игеру, жастарды патриотизмге тәрбиелеу, дін мен зайырлы қоғамның үйлесімділігін арттыру, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға қатысты іс шараларды ұйымдастыру, Қазақстан мұсылмандарының біртұтастығын қалыптастыру, діни радикалды идеология және олардан келетін қауіп-қатермен қоғам болып күресудің әдіс-тәсілдерін меңгеру, дінаралық татулық пен келісімді нығайту, жалпы адамзаттық рухани құндылықтарды насихаттау мәселелері түсіндірілді. Болашақ дін мамандарына ЖАНТ жетекшісі, наиб имам Н.Рамазан конференцияда қабылданған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Үндеуін жеткізді.

Еске сала кетейік, кеше «Ислам және зайырлы қоғам» конференциясының маңыздылығын түсіндіру мақсатында ҚМДБ-ның Астана өкілдігі «Ислам және зайырлы қоғам» атты имамдар семинарын өткізді.

 

«Нұр Астана» орталық 

мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: