29
Дүйсенбі,
Сәуір

һижри

«Астана асары» акциясына атсалысайық!

Мешіт тынысы
Жарнама

ҚМДБ бастамасымен Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданындағы су тасқынынан зардап шеккен Келлеровка ауылына көмек көрсету мақсатында «Астана асары» атты қайырымдылық акциясы ұйымдастырылады.

 Өткен жылы Астана жұртшылығының атсалысуымен «Қайырымдылық керуені» шарасы аясында Қарағанды облысына 13 тонна 760 келі азық түлік, 13 тонна 250 келі киім-кешек және 10 тоннаға жуық ыдыс-аяқ жеткізілсе, ал Ақмола облысына 10 тонна азық-түлік пен 400 келі киім-кешек таратылғандығын зор қуанышпен айта кету керек.

Биыл да көмекке зәру отандастарымыздың жағдайына бей-жай қарамайтын жанашыр азаматтардың ізгілікке үн қосарына сенімдіміз.

 

Қабылданатын көмек түрлері:

1. Азық-түлік (бұзылмайтын түрлері);

2. Киім-кешек (Су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға негізгі керек киімдерді беруді сұраймыз. Мысалы: резеңке етік (резиновые сапоги), жаңа яки таза жылы киімдер, жемпір, шалбар, т.б. ескерту: ескі киім-кешек қабылданбайды);

3. Көрпе (Одияло);

4. Ыдыс-аяқ (ескі емес);

5. Ақшалай. (Қаражатты қала мешіттеріндегі арнайы қойылған жәшіктерге тастай аласыздар). 

Барша астаналық ағайынды Астана асарына үлес қосуға шақырамыз!

Толығырақ ақпаратты Астана қаласындағы өзіңізге жақын орналасқан мешіттерден алуға болады.  Байланыс телефондары: 44-61-65, 424-177, 32-40-54, 29-76-06, 28-96-79, 94-70-22. 

«Нұр Астана» орталық 

мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: