22
Жұма,
Қараша

һижри

Дін мамандары құрылысшы қауыммен кездесті (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

Бүгін ЭКСПО қалашығындағы құрылысшылар ұжымында «Қоғамдағы діннің рөлі» тақырыбында кездесу өтті. Астана әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен шараға Геосаяси зерттеулер институтының директоры, Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Дінтану кафедрасының профессоры Асылбек Избаиров, Л. Гумилев атындағы ЕҰУ Дінтану кафедрасының оқытушысы, дінтанушы Кеңшілік Тышхан, «Нұр Астана» орталық мешітінің наиб имамдары Төлеби Оспан, Қабылбек Жұмабеков, Астана қаласы Дін істері басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрдәулет Әлмұханов, Атырау облысы Дін істері басқармасының басшысы Еркінбек Шоқай қатысты.

Сарапшы, теолог мамандар қоғамдағы дін мәселелерін қатысты тарқата келе, діни экстремизмнің алдын алу, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Орталық мешіттің наиб имамы Төлеби Оспан өз баяндамасында ислам мен бейбітшілік ұғымдарына тоқталып өтті. «Асыл дініміз әрқашан адамзат баласын тек қана жақсылыққа шақырып, ізгілікке үндейді. Әрбір істе, сөзде адал болу – мұсылманның сипаты. Осы ретте қоғам тұтастығын сақтауда, мемлекетіміздің дамуында әртүрлі әлеуметтік бағытта еңбек етуші  мұсылмандардың өз қызметтеріне қалтқысыз адал болуы міндетті. Елордамыздың еңселі, айбынды Астана болып қалыптасуында сіздердің рөлдеріңіз ерекше» деді Т.Оспан. Наиб имам шараға қатысушы қызметкерлерге дін саласына қатысты мәселелер мен мәліметтерді тек қана мешіт имамдарынан алу керектігін ескертіп, дін насихатын жүргізуге мешіт имамдары қашанда әзір екенін жеткізді.


 «Нұр Астана» орталық 

мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: