29
Дүйсенбі,
Сәуір

һижри

Сенбідегі серпіліс (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

Бүгін жалпықалалық сенбілік шарасына астаналық дін қызметкерлері де өз үлестерін қосты. «Нұр Астана» орталық мешіті мен «Астана» медресесі ұжымы Қабанбай батыр даңғылының бойындағы алаңқайды тазалады.

Елорданың тазалығына «Нұр Астана» орталық мешітінің ұжымы, медресе ұстаздары мен шәкірттері қатысып, игілікті іске жұмыла кірісті.

Қабанбай батыр даңғылында жүргізілген тазалық жұмысында дін қызметкерлері белсенді жұмыс көрсете білді. Нәтижелі жұмыс барысында көше бойы мен мешіт маңындағы бос жатқан жерлер қоқыстардан тазартылып, арнайы техникалар көмегімен қала сыртындағы полигондарға шығарылды.

Ислам – тазалыққа құрылған дін. Мұсылман баласының жан-дүниесі мен тәнін таза ұстағаны секілді өзі тұратын жерді де ұқыпты ұстауы үлгілі істің көрінісі болып табылады. Бүгінгі өткен шара осыны айғақтайды.


«Нұр Астана» орталық 

мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: