02
Бейсенбі,
Мамыр

һижри

«Зекет» қоры балаларға қуаныш сыйлады (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

«Зекет» қорының Астана қаласы өкілдігі жағдайы төмен отбасыларға ұдайы көмек қолын созып келеді.

Бүгінгі өткен іс-шара да соның бір парасы. Осындай игі мақсатта «Mumtaz» халал мейрамханасымен бірлесе отырып, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыдан шыққан 22 балаға арналып қайырымдылық дастарханы жайылды.

Ата-аналарымен келген кішкентай бүлдіршіндер арнайы құрылған ойын алаңында ойнап, көңіл серпілтті. Өздеріне жайылған дастарханнан дәм татты. Сондай-ақ, арнайы ұйымдастырылған қойылым кішкентайлардың таңданысын тудырды. Отырыс соңында кештің кішкентай меймандарына әртүрлі сыйлықтар табы етілді.


 

ummet.kz-ақпарат 

Бөлісу: