22
Жұма,
Қараша

һижри

«Берекелі Рамазан» рухани кешіне келіңіздер!

Мешіт тынысы
Жарнама

Қасиетті Рамазан айының қарсаңында Астана мешіттерінің ұйымдастыруымен 4 маусым күні «Бейбітшілік және келісім» сарайында «Берекелі Рамазан» атты рухани кеш өтеді.

Ұлық айдың құрметіне арналған кеште елорда жұртшылығы үшін рухани-тағылымдық дүниелер ұсынылып, ораза нығметтері жайында бейнебаяндар көрсетіледі. Белгілі айтыскер ақын Аманжол Әлтаев жырдан шашу шашып, Құрмаш Маханов, Бейбіт Құшқалиев, «Nomad» және «Серпер» топтары, Қанат Полатбек сынды өнерпаздар кештің әрін әнмен кіргізеді.

Рухани кеш аясында «Әзірет Сұлтан» мешіті ұйымдастырған «Бес парыз және тарих тағылымы» атты республикалық діни мүшәйра қорытындысы жарияланып, жеңімпаздар марапатталады. Айтулы аламанға республика бойынша 434 ақын өз туындыларын ұсынды. Жүлдеге ие болған ақындар рухани кеште өлеңдерін оқып, жырсүйер қауымды сусындататын болады.

Билеттерді Астана қаласының мешіттерінен алуға болады. 

ummet.kz-ақпарат 

Бөлісу: